Жұма күнгі саудада мұнай бағасы аздап өсті

307

Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 102,25 доллар деңгейінде саудаланып жатыр. 

Жұма күнгі саудада мұнай бағасы аздап өсті Фото: Sputnik / Максим Богодвид

Жұма күнгі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы аздап өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Oilprice.com мәліметінше, WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 92,65 долларға жетті. Бір күн бұрын бұл 89,57 доллар болған.

Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 102,25 доллар деңгейінде саудаланып жатыр. Бағасы 0,06 долларға немесе 0,06%-ға төмендеді.

Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы барреліне 106,69 доллар болды. Бұл 3,71 долларға немесе 3,36%-ға төмен.

Reuters агенттігінің мәліметінше, бір күн бұрын Қытайдың мұнай өнімдерінің экспортын қысқарту туралы шешімі, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери әсерін күшейтуі мүмкін екені айтылған соң мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Бұл факторлар әлемдік нарықта жанармай тапшылығы болуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.

Осы арада Сауд Арабиясы Қызыл теңіз арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу