Жұмабике Қадырова: Шерзаттың өлігін ғана көрдім

Кеше, яғни 17 сәуір күні басты сот талқылауының алғашқы отырысы аяқталды. 

Жұмабике Қадырова: Шерзаттың өлігін ғана көрдім Фото: видео скриншот

Дәл осы уақытта Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысының келесі талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадыровадан жауап алды. Ол сот басырыснда тек шындық айтуға ант қабылдап, қолхатқа қол қойды. 

– Шерзаттан соң, Нұрғанатқа (Ғайыпбаев) тиісті бұлар. Оны бәрі ұрып, теуіп пышақ тықты. Менің ол кезде тұрып жүруге әлім болмады, қазір де соны айту үшін әзер тұрғаным бар. Ол кезде де сондай жағдайда болдым, екеуі де сұлап құлап жатқан кезде. Қаржаубайды (Нұрымов) екі бала қуып, алысып, бет-ауызынан бөтелкемен ұрып, ол бетін ұстаумен жүгіріп бара жатқанын көрдім. Ол ойлаған болуы керек, "пышақ біреуінде ғана бар, маған ғана тықсын" деп. "Шерзат біреуді ұрады" деген ой біздің үш ұйықтасақ та түсімізге кірген емес. Ол кісі ұратын бала емес. Балам кісіге азары жоқ, ешқандай артық сөзі жоқ нәресте еді, – деді ол. 

Прокурор сөз арасында Жұмабике Қадыровадан төбелес кезінде қанша адамның болғанын сұрады. 

– Жоқ дегенде 15-тей адам болды деп ойлаймын мен. Олар көз алдымда машинаға тығылысып мініп кетті, – деді Шерзаттың әжесі. 

Сол уақытта прокурор "Немереңіз Шерзатты қашан көрдіңіз?" деп кезекті сұрағын қойды. 

– Мен немерем Шерзатты іздедім. Көрінген жоқ көзіме. "Шерзат, Шерзат" деумен болдым осылайша. Маған тек Шерзат керек болды. Мен жұмыстан келіп, сол күні көргенде жоқпын, өлігін көрдім, – деді Жұмабике Қадырова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу