Жұманғаринге Ақтөбеден 10 пәтер сыйға тартты – деп ақпарат таратқандарды шенеунік енді сотқа бермек. Сөзінше бұл баспаналар оның отбасына тиесілі екен. Ал тұрғын үй кешенін тіпті министрдің 90-шы жылдары ашқан жеке компаниясы салған.
"Интернет-арна таратып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен сіздерден оқырманға соны жеткізулеріңізді сұраймын. Егер менің өмірбаянымды қарайтын болсаңыздар, мемлекеттік қызметке 35 жасқа толған соң келгенмін. 90 жылдардың соңы, 2000-шы жылдардың ортасына қарай мен өзім бизнес ашып, нәпақа таптым. Ал бұл үйлерді менің отбасыма тиесілі компания салды" - дейді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.