Жұманғариннің жоспары келер айдың соңында дайын болады

746

Сауда және интеграция министрі Үкімет басшысының азық-түлікке қатысты тапсырмасын қалай орындайтыны туралы айтты.

Жұманғариннің жоспары келер айдың соңында дайын болады

Қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Дүрлігуге негіз жоқ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деп сендіреді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жалпы қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қанттың қажетті қоры бар. Өңірлерде дүрлігуге жол бермеу қажет. Сондықтан, қант бағасына қатысты түрлі манипуляциялардың алдын алып, алыпсатарлық әрекеттер мен қажетсіз делдалдарды анықтау қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, кешенді жоспарды толық көлемде орындауға тиіс", – деді Смайылов.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қалай әрекет ететінін алдағы апталарда анықтайтынын айтады.

"Соңғы рет Small сауда орталығына бардым. Бес килограмдық қаптағы қант 5,5 мың теңге болды. Бұл өте қымбат. Біріншіден, қант та, өзге азық-түлік өнімдері де жеткілікті болуы керек. Бағаны азайтуға тырысу керек немесе өсімнің қарқынын азайту қажет екенін айтады. Біздің өз пайымымыз бар. Премьер-министр тапсырма берді. Келесі айдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың әрқайсысы бойынша қалай әрекет ететініміз туралы жоспар әзірлейміз. Тура бір сағаттан кейін үлкен жиналыс өткіземіз. Бүкіл қант нарығының өкілдері қатысады. Қант жеткілікті, бағасы тұрақты болу үшін, оны түсіру үшін үшін не істеу керектігі туралы пайымымыз бар. Сіздерге уәде бергенімдей, екі апта көлемінде осы мәселемен айналысып жатырмыз. Келер аптаның соңында өз пайымымды айтам", – деді министр.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу