Павлодар облысының тұрғыны Денис Покотиленко 13 қазан күні баласын балабақшаға апарған. Содан бері оны ешкім көрген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бұрын-соңды Денистің тарапынан мұндай әрекет болған емес. Ол жұмыстан та себепсіз қалмайтын. Ал бейсенбі күні белгісіз жағдайларға байланысты жұмысқа да, үйіне де келмеген соң жақындары дабыл қақты. Осы уақыта дейін туыстары, еріктілер мен полиция қызметкерлері Екібастұздағы барлық дерлік аумақты қарап шықты. Тіпті, "Vita" ерікті іздеу жасағының өкілдерінің айтуынша, кинологтар жұмылдырылды. Алайда, әзірше еш нәтиже жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу