Жұмыртқа 7 күннің ішінде 2,2%-ға қымбаттады

623

Өткен аптада, яғни бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары 0,1%-ға көтерілген.

Жұмыртқа 7 күннің ішінде 2,2%-ға қымбаттады

Бұл ұлттық статистика бюросының мәліметі. Ал бағалар ай басынан бері 0,5%, жыл басынан 19,5%-ға өскен.

"Жылдық мәнде олар 19,8%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайыздық тармаққа жоғары", – деп жазылған бюро мәліметінде.

Өткен апта ішінде арзандаған өнімдерге тоқталсақ:
Пияз – 3,1%
Сәбіз – 2,1%
Құмшекер – 1,8%

Жұмыртқа (І категория) 2,2% қымбаттады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 27 қыркүйекке/:
Рожки – 290 тг/кг
Күріш – 318 тг/кг
Қарақұмық – 523 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу