Жұмыртқа бағасы бір айда 9,5 пайызға өскен

1083

Жұмыртқа бағасы бір айда 9,5 пайызға өскен

Өңірде 2018 жылғы қараша айында тұтыну бағаларының индексі 101,5%-ды құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Статистика департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қарашада азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа  9,5%-ға, құс еті 3,8%-ға, қант 3,4%-ға және сүт өнімдері 1,4%-ға баға өскен. Ал, сәбіздің бағасы 8,8%-ға, қырыққабат 3%-ға төмендеген.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында киім және аяқ киім  1,1%-ға, фармацевтикалық өнімдер 1,2%-ға және дизельдік отын  бағасы 12,6%-ға көтерілгені байқалды.

Ақылы қызметтер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтері 4,3%-ға жоғарлаған болса, ыстық сумен жабдықтау және орталықтан жылыту, электр энергия тарифтері төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу