Жұмыртқа бағасы бір жылда 7%-ға қымбаттаған

2009

Бір қазақстандықтың жұмыртқаны орташа тұтынуы тоқсанына 47,2 дананы құрады

Жұмыртқа бағасы бір жылда 7%-ға қымбаттаған

Жұмыртқа бағасы бір жылда 7%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2022 жылғы қаңтар-шілде айларында елде 2,9 млрд жұмыртқа алынған. Бұл былтырғы жылға қарағанда 6,6%-ға артық.

Жұмыртқа өндірісінің көлемі жөнінен Ақмола облысы (437 млн дана) көш бастап тұр. Үздік үштікте Солтүстік Қазақстан (429 млн дана) және Қарағанды (355,6 млн дана) облыстары бар.

Жергілікті компаниялар жұмыртқаға деген сұранысты (экспорт пен ішкі нарықта сатуды) 96,3%-ға қамтамасыз етті. Импорт 3,7%-ды құрады. Жыл басынан бері елге 95,3 миллион жұмыртқа әкелінді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 26,5%-ға аз.
Елімізде жұмыртқа экспорты 2,4 есеге өсіп, 131,7 млн дананы құраған.

Ішкі нарықтағы сату көлемі артып, 2,4 млрд жұмыртқаға дейін жеткен. 

Бір қазақстандықтың жұмыртқаны орташа тұтынуы тоқсанына 47,2 дананы құрады. Осылайша былтырғыға қарағанда 1,9%-ға артты.

Жұмыртқаны көп тұтынған өңір ретінде Қостанай облысы тіркелді. Мұнда бір тұрғынға шаққанда орташа тұтыну 62,9 жұмыртқаны құраған. Үштік қатарында Ақмола және Қарағанды облыстары бар. Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында байқалған.

2022 жылдың шілде айында бірінші санаттағы он жұмыртқаның орташа құны 379 тг құраған.  

Айта кету керек, өңірлік бөліністе он дана жұмыртқаның бағасы әртүрлі. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан (488 тг), Алматы (460 тг) және Қонаев (456 тг) қалаларында тіркелді. Ең төмен баға Қарағандыда (287 тг) байқалды.

Бір жыл бойынша қарайтын болсақ, қымбатшылықты Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сезінген (31,2%-ға). Бұдан бөлек Елорда (19,9%) және Шығыс Қазақстан облысында (19,5%) да жұмыртқа бағасы күрт өскен. Ал Алматы мен Жамбыл облысында керісінше жұмыртқа бағасы төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу