Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы президентінің сөзі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "тоғыз құс фабрикасы бағаны келісіп көтеріп отыр" деп мәлімдегеннен кейін айтылды.
Бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган тоғыз құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28-і – өндірушілерге, үшеуі – көтерме жеткізушілерге) шығарды. Тоғыз құс фабрикасына қатысты алты тергеу тағайындалды (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары).
Өндірушілер бағасының төмендеуіне қарамастан, сатылымда 15 пайыздан артық баға қосылып кетуі мүмкін деген күдік бар. Әсіресе мереке күндері сұраныс артқанда қымбатқа сататындар пайда болуы ықтимал.
Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бағаны тұрақтандыру және заңнама нормаларын сақтау мақсатында бөлшек сатушылармен жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін сарапшылар 2022 жылдың басында ондаған жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге жететінін жоққа шығармаған. Егер қазақстандық құс өсірушілер мемлекеттен субсидия алмаса, мұндай сценарий іске асырылуы мүмкін.