Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды

119

Сауда және интеграция министрлігі меморандум аясында баға мониторингін жүргізіп, оның шарттарының орындалуын бақылайды.

Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды Фото: canva.com

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Меморандумның негізі – тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Қол қойылған меморандум аясында Құс өсірушілер одағы мен Қауымдастық құс фабрикаларының қоймалары мен фирмалық дүкендерінде сатылым бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттеме алды.

Өз тарапынан, Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтауын қамтамасыз етеді және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жұмыртқа импортына шектеу енгізу мәселесін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігімен бірге заңсыз импорттық жұмыртқаларды нарыққа шықпауын, оларды айналымнан алу жөнінде бақылау шараларын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу