Жұмыртқа бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Сауда министрлігі

570

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан құс өсірушілер одағының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жұмыртқа бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Сауда министрлігі

Кездесу барысында жұмыртқа нарығындағы қазіргі жағдайға қатысты мәселелер талқыланды.

Құс өсірушілер Одағының президенті Руслан Исмаилұлы Шарипов атап өткендей, бүгінгі таңда бірінші санаттағы жұмыртқаларға сату бағасының өсуі шамалы. Сондай-ақ, дәнді дақылдардан басқа, негізінен Ресей мен Еуропадан әкелінетін ветеринарлық препараттар, премикстер және басқа компоненттер жұмыртқаның өзіндік құнына жататыны атап өтілді. Бидай өз кезегінде ішкі нарық есебінен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда құс өсірушілер ел тұрғындарының азық-түлік жұмыртқасына қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар бүгінде құс фабрикалары бірінші санаттағы жұмыртқаны белгіленген бағамен – бір дана үшін 34 теңгеден аспайтынын атап өткен жөн.

Кездесу соңында тараптар тауық жұмыртқасы бағасының күрт өсуіне жол бермеу бойынша тығыз ынтымақтастық пен бірлесіп жұмыс жаусау туралы келісімге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу