Бір жылда бұл өнім 16 жарым пайызға қымбаттаған. Ал қыркүйекте 10 данасының орташа құны 355 теңгеге жетті.
Ұлттық статистика бюросының деректері мынадай:
- Ең қымбат жұмыртқа Алматыда сатылады, он данасы үшін 486 теңге төлеу керек;
- Нұр-Сұлтанда да баға ұшып тұр – 432 теңге;
- Талдықорғанда – 405 теңге.
Қалған өңірлерде орташа баға 400-ден төмен. Ең арзан жұмыртқаны Ақтөбе, Семей мен Қарағанды қалаларынан табасыз.
Сарапшылар қымбатшылықты өндіріс көлемінің қысқаруымен байланыстырады. Одан қалды, шетелдік өнім үлесінің артуы да әсер еткен. Жыл басталғалы Қазақстанға тауық жұмыртқасының 190 млн данасы импортталыпты.
Ал ауыл шаруашылығы министрі болса, бұл "маусымдық өсім" дейді. Әрі азықтың қымбаттауына сілтеді.