Жұмыртқа қоры таусылуға айналды

1286

Қостанай облысында жұмыртқа қоры таусылуға айналды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Жұмыртқа қоры таусылуға айналды

Тұрақтандыру қорында 120 мың түйір қалған. Бұл небәрі 2-3 күнге жетеді. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жұмыртқа қорын жыл басынан бері толықтыра алмай отыр. 3 рет тендор жариялаған. Бағасы 35 теңгеден, 3 млн 300 мың жұмыртқа сатып алмақшы.

Алайда, республика бойынша ешбір құс фабрикасы бұл тендорға қатысуға ниет білдірмеген. Өйткені, корпорация көздеген бағаны азсынады. Коммуналдық төлемдер мен жемнің құны шарықтауда. Сондықтан жұмыртқаның бағасын өнім өндірушілер де тұрақты ұстап тұра алмайтынын жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу