Жұмыртқа мен құс еті неге қымбаттай береді?

1445

Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Сұлтан Дүйсембинов қымбатшылықтың себебіне назар аударды. 

Жұмыртқа мен құс еті неге қымбаттай береді?

Жұмыртқа мен құс етінің қымбаттауына жем-шөптің қымбаттауы себеп болып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сенатордың сөзінше, соңғы уақытта жем-шөп түрі 1,5-2 есе қымбаттаған. Біздің ел шетелден әкелінген асыл тұқымды құстарды бағу үшін бағасы қымбаттай беретін дәрумендік қоспалар мен басқа да керек-жарақты сатып алуға мәжбүр. 

"Соңғы уақытта құс өнімдерінің бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Оның тағы бір себебі, құс етінің негізгі бөлігі Ресей мен Беларусь елінен әкелінеді. Сонымен қатар бізде құс тұқымдары жоқ. Оларды шетелден алдыруға мәжбүр. Одан бөлек тиісті құрал-жабдық пен қажетті дәрумендер де өзге елден келеді. Бізде жем-шөптен басқа ештеңе жоқ деуге де болады", – деді депутат. 

Оның айтуынша, қымбатшылықтың алдын алу үшін құс өсірушілерге мемлекет тарапынан қолдау қажет. 

"Үкімет құс өсірушілерге лайықты жағдай жасауға тиіс. Оның ішінде 
ішінде 5 жылға несие каникулын ұйымдастыруға жәрдемдесу, сақтандыру сыйақысы жарнасын субсидиялау және асыл тұқымды құсты сатып алу, жем-шөп қорын құру, әкімшілік тосқауылдарды жою сонымен қатар жосықсыз бәсекелестіктен қорғау бар", – деді сенатор. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу