Жұмыртқа өндірісі 1, 6 млрд данаға азайды

743

Ет өндірісі 3,6%-ға, сүт өндірісі 3,2%-ға артты.

Жұмыртқа өндірісі 1, 6 млрд данаға азайды

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мал шаруашылығының дамуы бойынша есеп берді.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 2,3 трлн теңгеге ұлғайды. Несиелендіру және қосымша субсидиялау арқылы былтыр жүзеге асырылған шаралар оң нәтиже берді. 2020 жылдың алғашқы 4 айында ірі қара – 4,1%-ға, қой мен ешкі – 2,7%-ға, жылқы 7,6%-ға өсті", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, ет өндірісі 3,6%-ға артып, 314 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 3,2%-ға өсіп, 1,5 млн тоннаны құрады. Ал жұмыртқа өндірісі сыртқы нарықтағы сұраныстың төмендеуі салдарынан 6%-ға (1,6 млрд дана) азайды.

"Шұжық өнімдері –20,9%-ға (18,8 мың тонна), ет консервілері – 9% -ға (3 мың тонна), өнделген балық 51,3%-ға (3,9 мың тонна) өсті. Сүт өнімдері бойынша орташа өсім 10% пайыз деңгейінде сақталды. Тек өңделген сүт өндірісінің көлемі карантин кезіндегі сұраныстың төмендеуінен және негізгі шикізатты ұзақ мерзім сақтайтын сүт өнімдеріне бағдарлануына байланысты төмендеп отыр", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу