Жұмыс берушілер айлық мөлшерін жұмысшымен келісіп белгілеуі тиіс. Қазақстанның Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, қазіргі жалақы төлеу жүйесі әділетсіз және қызметкерлерді қаржыға тәуелді етіп, көптеген заң бұзушылыққа себеп болып отыр.
Мәселен, былтыр Кәсіподаққа 5800-ден астам жұмысшы құқығының тапталғанын айтып, арызданған. Оған қоса мыңдаған қызметкердің қатысуымен 85 еңбек дауы болған. Оның басым бөлігінде еңбекақының аздығы, оның уақытылы төленбеуі және қолайсыз еңбек жағдайы сынды мәселелер көтерілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу