Жұмыс беруші қашықтықтан жұмыс уақытын қысқартуға құқылы – министр

1468

Қысқартылған жұмыс ақысы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді. 

Жұмыс беруші қашықтықтан жұмыс уақытын қысқартуға құқылы – министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде қысқартылған еңбек күнінің ақысы қалай төленетінін айтты.

"Егерде жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Бұл дегеніміз, я болмаса аптадағы жұмыс күндерінің саны азаюы мүмкін немесе бір күндегі атқарылатын жұмыс сағаты азаюы мүмкін немесе жұмыс күнімен бірге сағаты да азаюы мүмкін.  Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақысын сол атқарылған жұмыс уақытына сай алатын болады. Яғни жұмыс күні аптасына бес күнннен үш күнге қысқартылатын болса, үш күндік жалақыны аптасына алады. Егерде бір күнде 8 сағаттың орнына 4 сағат жұмыс істейтін болса, 4 сағаттың жалақысы міндетті түрде төленетін болады", – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу