Жұмыс беруші қызметкерге жұмыстан тыс уақытта талап қоя алмайды

1575

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.  

Жұмыс беруші қызметкерге жұмыстан тыс уақытта талап қоя алмайды

2021 жылғы 8 ақпанда Мәжілістің қарауына енгізілген құжат 19 мамырда өткен жалпы отырыстың бірінші оқылымында құпталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мәліметінше, депутаттар жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін, оның ішінде қашықтан дауыс беруді пайдалану мүмкіндігін ескере отырып сайлау және оларға өкілеттік беру тәртібін бекітті. Түсіндіру хабарламаларын дайындау кезінде қағаз нысандағы құжаттармен қатар электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған электронды құжатты пайдалану мүмкіндігін беруді ұсынды. 

Қашықтан жұмыс істеп жүрген жұмыскерді іссапарға жіберуге қатысты нормалар нақтылап, еңбек кодексінің қашықтан жұмыс істеуді реттейтін 138-бабының нормаларын қайта қарады. 

"Қашықтан жұмыс, қашықтан аралас жұмыс тараптардың келісімі бойынша жұмыскердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша белгіленуі мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші жұмыскерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықпен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметімен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді. Еңбек кодексінде көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмыс уақытынан тыс қолжетімділік режимінде болуын талап ету құқығы жоқ", – деп жазылған комитеттің қорытынды құжатында. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу