Жұмыс беруші өзіңізге қанша жалақы есептегенін тексеруге болады

1854

 Мемлекеттік кірістер комитеті "e-Salyq Azamat" мобилді қосымшасында "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" сервисін іске қосты. 

Жұмыс беруші өзіңізге қанша жалақы есептегенін тексеруге болады

"Бұл желі арқылы жұмыс берушінің қызметкерге қашан, қандай көлемде зейнетақы жарнасын, жеке табыс салығын аударғанын және міндетті әлеуметтік аударымдар қай кезде жасалғанын білуге болады. Сервис 2020 жылдың 1 тоқсанынан бастап аударылған салық төлемдерін қамтиды", – деп жазылған аталған комитеттің баспасөз хабарламасында. 

Осы деректерді көру үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет немесе телефонға SMS-хабарламамен жіберілетін пароль арқылы қосымшаға кіру керек. Содан кейін "Салық әмияны", "Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" бөлігіне өтіп, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

"Егер іздеген мәліметтер табылмаса, деректер сәйкес келмесе, онда салық есебін түзету үшін жұмыс берушіге хабарласқан жөн, ал "E-Salyq Azamat" тегін мобилді қосымшасын "App Store" немесе "Play Market"-тен жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу