Жұмыс берушіден жалақыңды нотариус арқылы өндіруге болады

1753

Жоғарғы сот сот жүктемесін осылайша қысқартпақ.  Жаңа заң 3 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Жұмыс берушіден жалақыңды нотариус арқылы өндіруге болады

Енді жалақы қарыздарын өндіру мәселесін сот арқылы ғана емес, нотариустың көмегімен де шешуге болады. Жоғарғы сот осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай мүмкіндіктер меншік құқығын күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруге бағытталған. Заң бойынша нотариус жеке тұлғалардан ақшаның 0,2 пайыз, заңды тұлғалардан 1 пайызын өндіріп алады.  

Бірқатар талапты нотариусқа жүктейтін жаңа заң 3 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бұл азаматтар үшін жылдам әрі арзан қызмет болмақ. 

"Нотариус алдымен құжаттарды тексереді. Барлығы дұрыс болса, орындау жазбасын рәсімдеп, бір данасын жұмыс берушіге жібереді. Ол өз кезегінде он күн ішінде өз қарсылығын білдіруге құқылы. Қарсылық болса, екі жақ сотта кездеседі. Ал қарсылық болмаса, орындау жазбасы сот орындаушыларға жіберіледі. Негізі, соттың бұйрығы да солай жасалады. Бірақ оған үш күн кетеді. Ал нотариус бірден орындау жазбасын рәсімдеп бере алады. Орындау жазбасы болсын, сот бұйрығы болсын, екеуінің заңды күші бірдей. Сот орындаушылары екеуін де орындауға міндетті", – дейді ҚР Жоғарғы сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова.

Айта кетейік соңғы бір жылда прокуратура 37 мың адамның еңбек құқығы бұзылғанын анықтаған. Соның ішінде жалақы бойынша да қарыздар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу