Жұмыс берушілер үшін 5% зейнетақы жарнасын енгізу бір жылға шегерілді

Заң жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылмақ.  

Жұмыс берушілер үшін 5% зейнетақы жарнасын енгізу бір жылға шегерілді Фото: almaty.tv

Бұған дейін бизнес өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл ұсынысын сынға алып, аталған әрекет көлеңкелі жалақы қорының өсуіне әкелетінін айтқан еді.

Ашық НҚА порталында жұмыс берушілерден БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы Үкімет қаулысына түзетулер жобасы жарияланды.

Түзетулерге сәйкес, заң жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, ал бұрынғы қаулыда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті төлемді енгізу ұсынылды.

Осылайша, жоба кезең-кезеңімен 1,5%-дан басталып, 2028 жылға қарай 5%-ға дейін өседі. Бұл жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені болдырмау үшін жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу