Жұмыс берушілер жұмысшының қауіпсіздігіне салғырт қарауда

949

 Жұмыс берушілер жұмысшының қауіпсіздігіне салғырт қарауда

Жыл басталғалы Атыраудағы кәсіпорындарда 31 жағдай тіркеліп, жеті адам қызмет орнында көз жұмған. Осылайша, республика бойынша өңір екінші орында тұр. 

Мемлекеттік еңбек иснпекциясы облыстық басқарма басшысының орынбасары Батырбек Имашев оқыс оқиғалардың көбеюін құрылыс нысандарының көптеп салынуымен түсіндірді, деп хабарлайды atr.kz.

"Құрылыс саласында алты адам биіктен құлап, ауыр дәрежедегі дене жарақатын алса, біреуі қаза болды. Бұрын-соңды мұндай деректер өте сирек кездесетін-ді. Кінәраттың 80 пайызы жұмыс берушінің тарапынан болып отыр. Яғни, жұмыс талапқа сай ұйымдастырылмаған. Қатты жел мен дауылды күндері биікке шығып, жұмысқа кіріскендердің ешқайсысы қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталып отыр. Енді құрылыс мекемелерімен арнайы жұмыс жүргізетін боламыз", — деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу