Жұмыс берушілердің қазақстандықтарға берешегі 160 млн теңгеге жеткен

852

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам адамның құқығын қорғады. 

Жұмыс берушілердің қазақстандықтарға берешегі 160 млн теңгеге жеткен

Жыл басынан бері жұмыс берушілердің қазақстандықтарға берешегі 160 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорыны 890 қызметкеріне жалақы бойынша 159,1 млн теңгеден астам сома қарыз екенін анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", – деп жазылған хабарламада. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде жалақы бойынша берешекті өтеу кестелері мен мерзімдерін белгіленді. 

"Нәтижесінде, 516 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 90,2 млн теңге төленді", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу