Мемлекеттік еңбек инспекторлары биылғы жылдың 9 айында мекемелерде 7 743 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 11 019 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды ortcom.kz.
Оның 212-сінде қызметкерлерге белгіленген жұмыс уақыты сақталмаған. Еңбек қатынасына қатысты 7 400 адам құқықығын бұзушылық анықталды.
Тексеру кезінде мәлім болған заңбұзушылық әрекетін болдырмау мақсатымен еңбек инспекторлары 9 айда 4 746 нұсқаулық беріпті. Ал салынған 2 326 әкімшілік айыппұлдың көлемі 360,2 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов айтты.
"Бір тәулікте жұмыс уақытынан тыс жұмыс әр қызметкер үшін екі сағаттан аспауы керек. Ал бір айға шаққанда ол 12 сағаттан аспауы тиіс, жылына 120 сағат. Еңбек заңын бұзған азаматтар заңға сай жауапкершілікке тартылатынын айта кету керек", – деді Ақмәди Сарбасов.
Спикердің сөзінше, жұмыс беруші жұмыскерлеріне қатысты еңбек шартын бұзған жағдайда ол адамдар немесе олардың өкілдері еңбек инспекциясы басқармасына шағымдана алады. Берілгін арыз арқылы мекеме тексеруден өткізіледі. Заң бұзышылық тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай тиісті шаралар қолданылады.