Жұмыс істейтін ата-аналар балаларын балабақшаға апара алады – Ералы Тоғжанов

992

Балабақшадағы балалардың санына шектеу қойылады. 

Жұмыс істейтін ата-аналар балаларын балабақшаға апара алады – Ералы Тоғжанов

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов балабақшалардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне қойылған шектеу алынбағанын, алайда карантин кезінде ерекше тәртіппен жұмыс істеуге рұқсат берілгенін жариялады. 

"Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Олардың балабақшаға баратын балалары бар. Жұмысқа шығатын ата-аналар балаларын балалабақшаға апара алады. Бірақ балабақшадағы балалардың санына шектеу қойылады", – деді Ералы Тоғжанов үкіметте өткен онлайн баспасөз мәслихатында. 

Вице-премьердің мәлімдеуінше, балабақшалардағы топтарда әдеттегідей 
25-30 бала емес, 15 бала болады.

"Бұл бағытта жұмыс істейтін ата-аналарға жағдай жасауға тырысамыз", – деді премьер министрдің орынбасары. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу