Жұмыс істейтін қазақстандықтар жылына қанша сыйақы ала алады?

339

Бұл мәселені жұмыс беруші еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес белгілейді.

Жұмыс істейтін қазақстандықтар жылына қанша сыйақы ала алады? Фото: canva.com

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден қолданыстағы заңнама бойынша елімізде жұмыс істейтіндерге жылына қанша сыйақы берілуі керек екенін сұрады.

"Сыйақыларға келетін болсақ, еңбек заңнамасына сәйкес жалақының негізгі және айнымалы бөлігі бар. Айнымалы бөлікке келсек, біз сыйақы туралы айтып отырмыз. Бұл жағдайда егер ұжымдық шарт шеңберінде еңбекақы төлеу жүйесі болса, оны жұмыс беруші тікелей анықтайды. Сондықтан да бұл жағдайда еңбек заңнамасы мерекелік күндерге немесе нәтиже бойынша сыйақыларға орайластырылған төлемдердің ең жоғары мәнін шектемейді. Мұның бәрі жұмыс беруші еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес реттейді", - деп жауап берді Ақмәди Сарбасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу