Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекаға белсенді өтініш беріп жатыр

144

Бүгінгі таңда "Отбасы банк" АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. 

Жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекаға белсенді өтініш беріп жатыр Фото: pixabay

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%-ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады. Бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығуда.

"Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде "Отбасы банкімен" бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Бүгінгі таңда "Отбасы банк" АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде. Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу