Жұмыс істемей тұрған ауыл шаруашылық компаниясына миллиардтаған субсидия берілген

150

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады.  

Жұмыс істемей тұрған ауыл шаруашылық компаниясына миллиардтаған субсидия берілген Фото: kt.kz

2022-2023 жылдары ауыл шаруашылығы кешенінің (АШК) субъектілеріне 10 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік субсидия төленген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 5 млрд теңгеге тең, қызметін тоқтатқан (таратылған) және кәсіпкерлік субъектісі емес 2 500 субъектіге, сондай-ақ жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге тең, ЭҚТЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіші) коды жоқ 2,9 мың ауыл шаруашылығына қатысы жоқ субъектілерге негізсіз субсидия төленгені анықталды", – делінген ЖАП-тың 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы ҚР Үкіметінің есебіне берген қорытындысында.

Берілген барлық субсидиялардың 11%-ы өндіріс көлемі айтарлықтай және табысы жоғары 13 ірі компанияға (олардың құрамындағы кәсіпорындарды қоса алғанда) тиесілі болған.

"АШК-нің шектеулі санына көмек көрсетудің шоғырлануы шағын және орта шаруашылықтардың қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін шектейді. Олар да бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша преференциялар түріндегі қолдауға мұқтаж", – дейді жоғары аудиторлық палата. 

ЖАП субсидияларды басқарудағы бұзушылықтар негізсіз төлемдерге, артық төлеуге және бюджет шығындарына алып келгенін атап өтеді. Соның салдарынан агросекторға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі төмен болып отыр.

Аудит нәтижесінде аудит объектісі тиісті шаралар қабылдап, мемлекет активтеріне 4,4 млрд теңге өтелді.

Жоғары аудиторлық палата АШК саласындағы субсидиялау ережелерін қайта қарап, тиімді мониторинг жүйесін енгізуді ұсынып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу