Үш мыңға жуық баланың жұмыс істемейтін балабақшаға тіркелгені анықталды.
Бұл туралы Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы informburo-ға сілтеме жасап.
Білім басқармасының дерегінше, Түркістан облысында 1-6 жас аралығындағы 5 145 бала балабақша кезегінде тұр. Олардың ішінде 3-6 жас аралығындағы 2 245 бала бар.
"2 965 бала құжаты жоқ, жұмыс істемейтін балабақшада тіркелген. Мониторинг қорытындысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне және Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды", – деді Дінислам Болатханұлы.