Жұмыс істемейтін қарыздардың көлемі 20 пайызға жуық төмендеген

818

Банктер жұмыс істемейтін қарыздарды тануды, сондай-ақ әлеуетті кредиттік шығындарға провизияларды ұлғайтуды жалғастыруда.

Жұмыс істемейтін қарыздардың көлемі 20 пайызға жуық төмендеген

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков еліміздің банк секторында сапалы өзгерістер болып жатқанын айтты. Жұмыс істемейтін қарыздардың көлемі 20%-ға жуық төмендеген.

"Биылғы жылы банк секторын қалыпқа келтіру процесі жалғасады. Банктер жұмыс істемейтін қарыздарды тануды, сондай-ақ әлеуетті кредиттік шығындарға провизияларды ұлғайтуды жалғастыруда. Қалыптасқан провизиялар 2,3 трлн теңгеге дейін 30,6%-ға өсті", – деп хабарлады Олег Смоляков сенаттың кеңейтілген отырысында.

Бұл ретте, ол нәтижесінде жаңа кредиттер беру өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда биылғы жылғы 4 айда 10,3%-ға ұлғайғанын атап өтті.

"Базалық ставканың төмендеуі қаржы нарығында ставкалардың, оның ішінде кредиттеу бойынша ставкалардың төмендеуіне ықпал етеді. Биылғы жылғы сәуірде заңды тұлғаларға теңгемен кредиттер бойынша ставка 12,0% деңгейде қалыптасты", –деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу