Жұмыс істемейтін қарыздардың нақты көлемі қысқарған жоқ - ҚР Ұлттық банкі

871

Жұмыс істемейтін қарыздардың нақты көлемі қысқарған жоқ - ҚР Ұлттық банкі

Жұмыс істемейтін қарыздардың нақты көлемі есептілік көрсеткіштеріне қарамастан, ұзақ уақыт бойы төмендеген жоқ. 10 жыл бұрынғыдай макроэкономикалық күйзелістерді іске асыру жұмыс істемейтін қарыздардың өсуінің жалғыз себебі болған жоқ. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткен Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы 2015-2017 жылдардың есебін таныстыру кезінде Қазақстан Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық департаментінің директоры Сәбит Хәкімжанов айтып берді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ол 2017 жылы бұған дейін жұмыс істемейтін қарыздар деп танылмаған қарыздардың және олар бойынша зиянның бір бөлігін жекелеген банктер танып, олар үстеме капиталдандыру есебінен өтелгенін атап өтті.

"Қайтарымдылығы төмен белгілері бар және провизиялармен өтеу деңгейі төмен қарыздар бұрынғысынша банктердің баланстарында қалуда, олар капиталға және экономиканы кредиттеу мүмкіндігіне қысым жасауын жалғастыруда", - деді Сәбит Хәкімжанов.

Ол сонымен бірге реттеуші және қаржылық есептіліктегі активтер сапасының тікелей индикаторлары мен пруденциялық талаптарға пайдаланылмайтын жанама метрикалар арасындағы айырмашылық жинақталып, 2017 жылға дейін одан әрі маңызды бола түскенін айтты.

"2013 жылдың ортасында қарыздарды жіктеуден бас тарту кезінде жұмыс істемейтін қарыздар бойынша айырмашылық 12%-ды, провизиялар бойынша 3%-ды құрады. Айтарлықтай айырмашылық жұмыс істемейтін қарыздарға 10%-дық шектеу енгізілгеннен кейін 2015 жылдан басталды. Алайда, деректермен айла-шарғы жасаудың негізгі құралдарының бірі қайта құрылымдау болды", - деп түсіндірді ол.

Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеу кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің өкілі кепілмен қамтамасыз ету құнын асыра бағалау мәселелерін қозғады. Атап айтқанда, оның айтуынша 2015 жылға дейін банктердің тұрғын және тұрғын емес үйлер кепілдерінің құнын айтарлықтай асыра бағалауы болған жоқ. 2015 жылдан кейін банктердің кепілдер құнын асыра бағалауы жекелеген банк топтары бойынша ғана байқалды.

"Ақша ағынын қозғалысқа келтірмейтін қарыздар бойынша пайыздық кірісті тану пайыздық кірісті танудың агрессивті саясатына жатады", - деп атап өтті Хәкімжанов.

Ол жұмыс істемейтін қарыздар мен олар бойынша зиянды уақтылы танымау, кепілмен қамтамасыз ету құнын асыра бағалаудағы әлсіз практика, пайыздық кірісті танудың агрессивті саясаты ақыр соңында несие портфелі сапасы, рентабельділік және капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерінің көтерілуіне әкеп соқты деп толықтырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу