Жұмыс іздеушілер "күнделікті" жалақыға ұмтылады

695

Жұмыс іздеушілерді жалақыны бір ай күтпей, жұмыс күні аяқталған кезде алуға болатын бос жұмыс орындары қызықтырады.

Жұмыс іздеушілер "күнделікті" жалақыға ұмтылады

Сол сияқты қызмет берушілер де оларға икемді төлем шарттарын ұсынуға дайын көрінеді. Негізінен бұл қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар – курьерлер мен жүргізушілердің бос жұмыс орындарына қатысты, деп жазады inbusiness.kz hh.kz-ке сілтеме жасап.

Бұдан бөлек жиынтықтаушылар, әртүрлі жұмысты атқаратындар, жүк тиеушілер, кассирлер, аспаздар, даяшылар, промоутерлер, флористер және т.б. күнделікті ақы ала алады. Олардың күн сайын табатыны 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

hh.kz деректеріне сәйкес, 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде елдегі платформаға күнделікті төлемдер бойынша 300-ден астам бос жұмыс орны жарияланған. Олардың 48%-ы курьерлерді жалдауға қатысты.

Жұмысқа орналасумен байланысты ұсыныстардың басым бөлігінде жұмыс тәжірибесі немесе жоғары білім туралы диплом қажет емес көрінеді. Ең маңызды талап – ұқыптылық пен жауапкершілік. Бос орындардың жартысынан астамы (69%) икемді жұмыс кестесін ұсынады. Бұл оны негізгі жұмыспен қатар алып жүруге мүмкіндік береді деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу