Биыл жұмыс күші жеткіліксіз өңірлерге 1 342 отбасы көшіп барды

678

2021 жылдың 8 айында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты.

Биыл жұмыс күші жеткіліксіз өңірлерге 1 342 отбасы көшіп барды

1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 451,6 мың адам қатысты. Олардың 328,5 мыңы жұмысқа орналасып, ал 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 15,2 мың адам жіберілді. 5,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 20,2  мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 155,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 16,6 мың адам; жастар практикасына – 21,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 117,4 мың адам", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Былтыр бұл бағдарламаға 649 мың адам қатысып, 437,3 мың адам жұмысқа орналасыпты. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген.

Биыл жұмыс күші көп саналатын өңірлерден 1 342 отбасы – 4 571 адам көшкен. Оның ішінде 1 952 адам еңбекке қабілетті жаста. Ал былтыр 1,8 мың отбасы – 5,8 мың адам қоныс аударыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу