Жұмыс күшін "Миллениалдар" мен "Z" дәуірінің өкілдері құрайтын болады

740

Алдағы 5 жылда жұмыс күшіне қажетті негізгі дағдылардың 40%-ы өзгереді. Осыған байланысты әрбір екінші қызметкерді қайта даярлау қажеттігі  туындайды. Бұл туралы үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жұмыс күшін "Миллениалдар" мен "Z" дәуірінің өкілдері құрайтын болады

"Өнеркәсіп саласында кадрлардың қартаю процесі жүріп жатыр. Бұл салада жұмыс істейтіндердің 20%-ы ғана жастар. Алдағы уақытта жұмыс күшінің 74%-ын "Миллениалдар" және "Z" дәуірінің өкілдері құрайтын болады", – деді.

Серік Шәпкенов қоғамға жұмыстың жаңа форматы қалыптасып жатқанын айтты. 

"Қазіргі уақытта "еркін табыс экономикасы" немесе гиг-экономика, фрилансерлер қарқынды дамуда. Олардың қызметін заңнамалық реттеу және еңбек құқығын қорғау бойынша шара қабылдау қажет", – деді министр. 

Ол еңбек саласын бейімдеу үшін министрлік "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасы, Әлеуметтік кодекс жобасы аясында ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, жұмыс күшін кәсіптік оқудан өтуге ынталандыру бойынша бірқатар бастамаларды іске асыратынын хабарлады.

"Бүгінгі таңда электронды еңбек биржасы базасында онлайн-оқыту порталын дамыту, кәсіптік бағдарлау бойынша электронды сервистерді құру, икемді жұмыс режиміндегі қызметкерлерді қолдау бойынша жұмыс жүріп жатыр", – деп түйі ойын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу