"Жұмыс орнына барған": Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан

255

Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

"Жұмыс орнына барған": Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан Фото: видео скриншот

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына барып, оны темір құралмен және балғамен ұрып өлтірмек болған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салдарынан жәбірленушінің басы жарақаттанған, қолдары сынған. Зардап шеккен әйелге әріптестері араша түскен. Содан кейін ер адам баласына зиян келтірмек болған. Бірақ мектеп директоры ер адамды мектеп ғимаратына кіргізбеген.

Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдана отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеру үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданады. Тергеу барысы бақылауда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу