Жұмыс орнында ірі көлемде есірткі сақтаған кәсіпкер 15 жылға сотталуы мүмкін

321

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жұмыс орнында ірі көлемде есірткі сақтаған кәсіпкер 15 жылға сотталуы мүмкін Фото: polisia.kz

Полиция жиһаз цехінде есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехінде есірткі заттарын сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтады.

"Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз жасаумен айналысқан. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты. Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу