Жұмыс тәжірибесі жоқ мамандарды қабылдауға дайын компаниялар қай салада шоғырланған?

624

hh.kz сайтындағы 46 мың белсенді бос жұмыс орнының ішінен жұмыс ұсыныстарының 25%-ы тәжірибесі жоқ жұмыс іздеушілерге қолжетімді. 

Жұмыс тәжірибесі жоқ мамандарды қабылдауға дайын компаниялар қай салада шоғырланған? Фото: freepik.com

Бұл туралы HeadHunter баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жұмыс берушілердің сұраныстарының 50%-ында жиі кездесетін талаптардың біріне 1 жылдан 3 жылға дейінгі тәжірибенің болуы жатады. Бос жұмыс орындарының 5%-ында 6 жылдан астам тәжірибесі бар жұмыс іздеушілер қажет.

Жұмыс тәжірибесі жоқ мамандарға берілетін жалақы бір жылда 11%-ға артып, 195 мың теңге болды. 6 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі қызметкерлерге қолжетімді бос жұмыс орындарындағы жалақы бір жылда 7%-ға ұлғайып, 477 мың теңгеге жеткен.

Мамандығы бойынша орташа тәжірибесі мен өтілі бар мамандарға ұсынылатын табыс мөлшері 4%-ға артып, 248 мың теңге болды. Бүгінде еңбек жолын енді бастап жатқан маман және тәжірибелі мамандардың орташа табысындағы алшақтық 282 мың теңгені құрайды.

Жұмыс тәжірибесі жоқ маманды қабылдауға дайын компаниялардың негізгі үлесі бөлшек саудада шоғырланған. Тәжірибесі мол мамандар көбінесе құрылыс және жылжымайтын мүлік саласына қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу