Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтитын жастардың үлесі соңғы 14 жыл ішінде ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеп 7kun.kz.
2017 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15-28 жас аралығындағы экономикалық белсенді қазақстандықтардың саны 2,1 млн адамды құраған. Бірінші тоқсанда жұмыс істейтін жастардың саны 2 млн болған.
2016 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда мұндай қазақстандықтардың саны 6,9 пайызға азайған. Жұмысқа белсенді жастардың үлесі 23,6 пайыздан 25,5 пайызға қысқарған. Соңғы 5 жылда 55 жастан асқан жалдамалы жұмысшылар саны 19,5 пайызға артқан. Экономикалық белсенді жастар өзін-өзі жұмыспен қамтумен айналысып жатыр, бір жылдың ішінде өзіне жұмыс істейтін қазақстандықтар саны сәйкесінше 1,1 пайызға немесе 5,2 мың адамға өскен.