Жұмысқа орналасу кезінде қосымша құжат енгізілуі мүмкін

349

Жаңашылдық кейбір кәсіптерге ғана қатысты болмақ.  

Жұмысқа орналасу кезінде қосымша құжат енгізілуі мүмкін Фото: © Sputnik / Абзал Қалиев

Диплом негізгі құрал болып қала береді, біліктілікті тану сертификаты қосымша құрал ретінде қарастыралады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы бұл заң жобасында еңбек шартын жасасу кезінде маманның кәсіби біліктілігін тану туралы құжатты қоса ұсыну нормасы бар. Осыған байланысты бұл норма техникалық, кәсіби немесе жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білімі туралы дипломды ұсыну талабын алып тастауды білдіре ме? Еңбек шартын жасасу кезінде маманның біліктілігін тану туралы құжатты ұсыну нормасы қай мамандықтарға қолданылады?", – деп сұрады Мәжіліс депутаты Максим Рожин.

Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, дипломдарды жоққа шығаруға болмайды.

"Диплом – адамның теориялық білім алып, іргелі базалық дайындықтан өткенін растайтын құжат. Ал біліктілікті тану туралы құжат қосымша құрал ретінде қарастырылады. Олар бір-бірін жоймайды, керісінше толықтырады.

Бұл ерікті сала болғандықтан, көбіне реттелмейтін кәсіптерге қатысты енгізіліп отыр. Яғни, жұмыс өтілі, тәжірибесі бар мамандардың қажетті дипломы жоқ болса, ол біліктілік туралы тәжірибесін растап, соны жұмыс берушіге ұсына алады. Жұмыс беруші оны қабылдай ма, жоқ па – өз шешімі.  Аспаз, шаштараз, сұлулық салондарының қызметкерлері, қонақ үй әкімшілері сияқты мамандықтар біліктілікті тану сертификаты арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Алайда бұл диплом керек емес деген сөз емес. Диплом негізгі құрал болып қала береді, ал біліктілікті тану – қосымша құрал", – деп түсіндірді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу