Жұмысқа орналасуда тамыр-таныстыққа жол берілмеуі керек

670

Үміткер туысы жұмыс істейтін мекемеге мемлекеттік қызметке тұрарда басшылығына ескертуге тиіс. 

Жұмысқа орналасуда тамыр-таныстыққа жол берілмеуі керек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов саладағы соңғы өзгерістерді таныстыру барысында осылай деп мәлімдеді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда мемлекеттік функцияларды атқаратын және оларға теңестірілген тұлғалар туысының немесе жолдасының қол астында жұмыс істеп, өзі де жұмысқа туысын ала алмайды. Мемкеттік қызмет немесе оған теңестірілген қызметке үміттілерге жаңа талаптар енгізілді. Енді олар аталған мекемеде туысы жұмыс істейтін болса бұл туралы жазбаша түрде ұйым басшысын хабардар етуге тиіс", – деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу