"Жұмысқа селқос қарауға болмайды": Премьер-Министр әкімдіктердің жұмысын сынға алды

1387

Ауылдарда қар шығару жұмыстары назардан тыс қалып отыр. 

"Жұмысқа селқос қарауға болмайды": Премьер-Министр әкімдіктердің жұмысын сынға алды Фото: Үкімет

Бұған қаражаттың ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінуі себеп. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұған дейін өңірлерде су тасқынына қарсы барлық іс-шараны сапалы іске асыру қажеттігі туралы бірнеше рет тапсырма берілген болатын. Алайда мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тиісті шараларды толық көлемде қабылдаған жоқ. Нәтижесінде 218 іс-шараның 92-сі осы уақытқа дейін орындалмай отыр. Жұмысқа бұлайша селқос қарауға болмайды", - деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, су тасқыны проблемасын кешенді түрде шешу қажет. 

"Болжамды деректерге сәйкес, биыл көктемде тасқын қаупі жоғары болып отыр. Қалың қар мен жаңбыр да қауіпті арттыра түседі. Бұл ретте жекелеген өңірлерде қар шығаруға арналған қаражат тек ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінеді. Ал ауылдық елді-мекендерде қар шығару жұмыстары назардан тыс қалып отыр", - деді Олжас Бектенов.

Мысалы, Павлодар облысында қар шығаруға бөлінген 4,5 млрд теңгенің 900 млн теңгесі ғана ауылдық жерлерге көзделген. Қарағанды облысында 5,4 млрд теңгенің 700 млн теңгесі ауылдарға арналған.

"Жалпы 217 елдімекенде тасқын қаупі сақталуда. Мұндай проблема елдімекендердің көбінде жылдан-жылға қайталанып келеді", - деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу