Жұмысқа жарамсыздық бюллетеньдерін негізсіз беру фактілері көбейген

750

Жұмысқа жарамсыздық бюллетеньдерін негізсіз беру фактілері көбейген

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылында тұрғындардан медициналық қызметтердің сапасына қатысты 159 арыз келіп түскен. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 24 шағымданушыға көбейген, деп хабарлайды altaynews.kz.

Медициналық қызметтерге көңілі толмаған тұтынушылар алдымен полиция органдарына шағымданған, олар өз кезектерінде арызды департаментке жолдайды.

"Бүгінгі таңда 116 арыз қаралды. Егер топтап қарайтын болсақ, бірінші орында сапасыз көрсетілген медициналық қызметтер тұр. Одан кейін уақытша жұмысқа жарамсыздық бюллетеньдерін негізсіз беру, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне кіретін, өмірге маңызды дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмау және медицина қызметкерлерінің этикаға жатпайтын іс-әрекеттеріне шағымданған. Қаралған 116 арыздың 25-і негізді, 24-і ішінара негізді, қалған 69 шағым негізсіз екені анықталды. Домалақ арыздарды біз қарамаймыз. Алайда тұрғындар 8 (7232) 767-414 телефоны арқылы хабарласып, өздерін қызықтырған барлық сауалдарды қоя алады", — дейді департаменттің медициналық қызметтердің сапасын қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шамиль Назыров.

Шенеуніктің айтуы бойынша кінәлі деп танылғандар тәртіптік жазаға тартылып, 136 мың теңгенің айыбы салыныпты. Ішкі істер департаментіне қылмыстық жазаға тарту үшін 20 материал жолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу