Жұмыскерлердің вакцина алған-алмағаны тексеріледі

735

Үкімет вакцина алмағандармен күреске шындап кіріспекші, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Жұмыскерлердің вакцина алған-алмағаны тексеріледі

Енді еліміздегі жұмыскерлердің екпе алған не алмағаны қатаң тексерілетін болады. Денсаулық сақтау министрлігі, тіпті, санитарлық ережеге жаңа талап енгізді. Қаулысын да дайындап қойған. Ол осы қазан айының 16-сы күшіне енеді. Құжат бойынша, енді тек вакцина алған қызметкерлерге жұмысқа кіруге рұқсат беріледі. Ал екпе салдырмағандар ПТР-тесттің теріс нәтижесімен ғана бара алады.

Бұл жаңашылдыққа кәсіпкерлер де тіксініп қалды. Ендігі тәртіптің қалай боларын түсінбей отыр. Осы ретте "Атамекен" палатасы жаңа ереженің қалай жүзеге асатынан жан-жақты тәптіштеп түсіндіруін талап етуде. Олар мемлекет тарапынан жүргізілетін тексеріс яки рейдтің барлығы заңнамаға сәйкес болуы тиіс деген ұстанымда. Нормаға қайшы әрекет жасалса, палата тиісті шаралар қолдануға әзір. Жадыңызда болса, осындай мәселе тамыз айында да көтерілді. Жағдай прокуратура арқылы шешілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу