Жұмыспен қамту көрсеткіші ең жоғары және төмен университеттер анықталды

1254

ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 77%-ға жетті, олар орта есеппен 89 күнде жұмысқа орналасады. 

Жұмыспен қамту көрсеткіші ең жоғары және төмен университеттер анықталды

Екі жылда университет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 74%-дан 77%-ға дейін өсті. Бұл туралы онлайн брифингте "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Спикер жұмыспен қамту көрсеткіші жоғары және төмен университеттер тізімін таныстырды. 

Тізімнің басында: "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Қарағанды медицина университеті, Т.Жүргенова атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы тұр. 

Ал рейтинг аутсайдерлері – жұмысқа орналасу көрсеткіші 55% құрайтын: "Орда" университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті – 59%, жұмысқа орналасу көрсеткіші 60% "Қайнар" академиясы.

"Орташа жалақыға келетін болсақ, көрсеткіш да өсуде. 2019 жылы түлектердің орташа жалақысы 101 мың теңге болса, қазір 127 мың теңгені құрап отыр. Бұл қуантады. Өйткені бизнесте білім мен біліктілік ақшамен өлшенеді", – деді спикер.

Сонымен қатар Олжас Ордабаевтың айтуынша оқуды бітіргеннен кейін жастар орта есеппен 89 күн жұмыс іздейді. Бұл ретте "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша түлектердің 70%-ы өз мамандығы бойынша, 19%-ы мамандығынан тыс жұмыс істейді. 

"Бұл білім беру бағдарламаларының барлық топтары арасындағы ең жақсы көрсеткіш", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу