Жұмыспен қамту орталығы кезексіз қызмет көрсетеді

886

Елордалықтар электронды бронь жасауды әдетке айналдыра бастады.  

Жұмыспен қамту орталығы кезексіз қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы электронды бронь жасауға болады. Бұл ұзын-сонар кезекке тұрудың алдын алады. 

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасовтың баяндауынша, адамдардың 40%-ы жұмыспен қамту орталығына электронды талонмен келіп жатыр. 

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүрген азаматтарға және жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын, әлеуметтік қорғау жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл орталық екі мемлекеттік бағдарлама бойынша қызмет атқарады, олар: нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы, сондай-ақ "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы. Қазір халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн және офлайн режимде жұмыс істеп жатыр", – деді бөлім жетекшісі.

Азамат Байтасовтың айтуынша, Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы электронды бронь жасаған адамдардың 40%-ы уақытын, күнін алдын ала белгілеп, кезексіз қызмет алған. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу