Жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет – Үкімет басшысы

683

Бірінші жартыжылдық қорытындысына сәйкес, NEET санатындағы жастар үлесі Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында басым.  

Жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет – Үкімет басшысы

Елімізде жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсыну жоспарланып отыр. Бұл туралы Әлихан Смайылов Үкімет отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек. Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет", — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады.

"Жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет", - Премьер-министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу