Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады

1322

Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады

Астанада 2017 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының орнына жаңа нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Ол қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етеді. Бағдарлама шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 1550 адамды оқыту жоспарлануда. Бұдан бөлек, жаңа бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмысқа 2780 адамды қамту жоспарлануда. Бұл туралы Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген оқу орындарының түлектеріне арналған тренинг барысында мәлім болды.

Сонымен қатар, тренинг аясында Орталық мамандары іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, сұхбаттасуды сәтті өтудің, түйіндемені дұрыс құрудың құпияларымен бөлісті. Түлектер арасындағы жұмыссыздықтың негізгі себебі, олардың еңбек нарығына алғаш шығуы болып табылады.

Айта кетейік, Астана қаласында белсенді іс-шараларды қолдану 2016 жылдың 3 тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейін 4,6%-ға төмендетуге көмектесті, 1 тоқсанмен салыстырғанда 1% ға төмендетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу