"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

797

Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты.  

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады Фото: astana.gov.kz

"2020 жылы  елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда  148 обьекті бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында  мектептер, ауруханалар  тұрғын үйлері жөнделіп немесе құрылысы жүргізіліп жатқан,   инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі  орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу, көгалдандыру бойынша бос  жұмыс орындары  ұсынылады",– делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламасында.

Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Оның 7 489-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Орталықта "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жұмыстарға  Халықты жұмыспен қамту орталығына  жұмыссыз ретінде  тіркелгендер және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздар  жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу