"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 26 мың жаңа жұмыс орны ашылады

1221

Алматы қаласының әкімдігі жұмыспен қамту шараларын күшейтті.  

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 26 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Жыл басынан бері "Еңбек" және өзге бағдарламалар арқылы 17,4 мың еңбек орны ашылды. 13,9 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. Ал "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 5,9 мың адам тұрақты, 3,4 мың адам уақытша қызметке тартылды. 

"Оның ішінде 718 адам әлеуметтік жұмысшылар, 156 адам жастар тәжірибесі, 2571 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды", - деп хабарлады әкімдік. 

Жыл соңына дейін инфрақұрылымдық жобалар бойынша жаңа 26 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Оның 50% -ына мамандар Жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылады. Мұнда басымдылық жастарға берілмек. 

"Ал аталған бағдарлама аяқталған соң жаңа нысандар салынып, тағы 2,1 мың адам жұмыспен қамтылады", - деп хабарлады әкімдік. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу