"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында елордада 7629 азамат жұмысқа орналасады

992

Жалпы қазір 10 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында елордада 7629 азамат жұмысқа орналасады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Азамат Байтасов 

"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы айта отырып, азаматтарға жұмысқа орналасу жайлы кеңес берді.
Азамат Байтасовтың айтуынша, жұмыспен қамту орталығы жаңа бағдарламалар аясында азаматтарды инфрақұрфылымдық жұмыстарға жолдайды.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 7629 азаматты жұмысқа орналастыру мақсатында жоба бекітілді. Бұл жобада 15 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда 132 жоба бекітіліп, 95 нысан істей бастады.  Бүгінгі күні дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, сылақшы, арматура шебері, тас қалаушы, сантехник-слесарь мамандықтары және экскаватор, кран, мұнара краны операторы мен В,С,D санаты бар жүргізушілер сұранысқа ие. Бұл бағдарламаға қатысушылардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Жобада мамандықсыз жұмысты атқаратын адамның орташа жалақысы 150 мың теңге болса, ең жоғары жалақы айына 250 мың теңгені құрап отыр", – деді ол.

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімі басшысының мәліметінше, Халықты жұмыспен қамту орталығы 22 маусымнан бері онлайн қызмет көрсетеді. Азаматтар жұмысқа орналасуға жолдама алу үшін орталыққа келмей, телефон арқылы да жолдама ала алады. 

"Жалпы қазір 10 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Ал жол салу, жөндеу-құрылыс, көгалдандыру тәрізді инфрақұрфылымдық жұмыстарға қатысқысы келмейтін азаматтарды орталыққа келіп, өзіне ұнайтын жұмыстарды көруге шақырамын. Одан басқа, білім алып, өзін-өзі жұмыспен қамтып, грант алғысы келетіндерге де есік ашық. Толық ақпаратты 57-88-88 нөмірі арқылы біле аласыздар", – деп түсіндірді Азамат Байтасов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу